Елбасы тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салық рақымшылығы жүргізіліп жатқаны белгілі. Оны жүргізу тәртібіне сәйкес мемлекеттік кірістер органдары өз еркімен салық төлеушілердің жеке шоттарын тексеріп, күнделікті салықтың негізгі сомасының төленуіне мониторинг жүргізеді.
Бүгінде республика бойынша 37 644 салық төлеуші салық төлемін өтеген.
«Салықтық рақымшылық биылғы жылдың соңына дейін жалғасады. Осы орайда шағын және орта бизнес субъектілерін жиналған қарыздан құтылып, мемлекеттік кірістер органдарымен салынған шектеулерді жоюға шақырамыз.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша белгілі бір қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін іске асырған салық төлеушілер рақымшылыққа ілінбейді. Мысалы, жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушылар болып саналатындарды қоспағандағы жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін өнім өндірушілер, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіпқой медиатордың қызметін, кәсіпкерлік қызметті іске асыруына байланысты туындаған салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қолданылмайды. Қазір салықтық рақымшылық бойынша жаңа жоба дайындалып жатыр» – дейді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.
Өткен жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, елімізде 90 077 шағын және орта бизнес субъектілерінің өтелмеген салықтық берешегі болған. Олардың бересі сомасы – 210,4 млрд теңге, өсімпұлдар – 122,9 млрд теңге, ал айыппұлдар 7,4 млрд теңге болды.
Салықтық рақымшылыққа қатысу үшін ешқайда барудың қажеті жоғына назар аударған жөн.
Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл және Қостанай облыстарының салық төлеушілері рақымшылықтың ең белсенді қатысушылары болып отыр.
Жеке тұлғалар үшін алдағы болатын салықтық рақымшылық туралы қосымша атап өту керек. Еліміздегі салық заңнамасына түзетулер әзірленген. Осы түзетулер 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша жеке тұлғамен негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығару қарастырылған.
Түзетулерді қабылдаған жағдайда рақымшылыққа 1 390,0 мың адам жатады, оларға 13,9 млрд теңге сомасында бересіні төлеу шартын орындаған кезде 7,0 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылатын болады.
Қазіргі уақытта салықтық әкімшілендіру екпіні салықтық тексерулерден камералдық бақылауға ауысты. Бұл – салық декларацияларын өзара салыстыру арқылы немесе басқа ақпарат көздерінен алынған ақпаратпен салыстыру арқылы жүзеге асырылатын салықтық бақылаудың бір түрі.
Камералық бақылаудың негізгі мақсаты – салық төлеушіге айыппұл салмай, заң бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру. Мәселен, өткен кезеңде «белсенді», яғни айналымдары бар салық төлеушілердің жалпы санының оныншысына ғана хабарлама жіберіледі. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда хабарландыру саны 20% -ға артып, 95 мыңнан 117 мыңға дейін өсті. Хабарлама саны көбейген сайын, өнімділік индикаторы параллель түрде 63%-ға жетіп, ары қарай өсіп келеді.
Өткен жылы камералдық бақылау нәтижесінде, салық төлеушілер қосымша декларациялар тапсырып, жинақталған және өндірілген салық сомасы 127,3 млрд теңге болған. Алайда салық төлеушілердің хабарламаларын орындамау жағдайлары бар. Мысалы, 29 мың орындалмаған хабарламалардың банктік шоттары тоқтатылған, олардың 10% немесе 3 мың салық төлеушінің шоты толық жауап бермеуіне байланысты жабылып, тиісінше мемлекеттік органдардың хабарламаны орындамағаны туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта, Салық кодексінде хабарлама қабылданбаған деп тану туралы жазбаша шешім қабылданып, салық төлеушіге жіберіледі. Шешім қабылданғаннан кейін салық төлеуші уақытылы іс-әрекет жасап, заң бұзушылықты жоюға тиіс. Егер салық төлеушi шешім бойынша заң бұзушылықты хабарламаның мерзiмi аяқталғанға дейін түзетсе, онда қаржылық шығыс операцияларына тоқтатылу қолданылмайды. Сонымен бірге, Салық кодексі камералдық бақылау хабарламасына қатысты шағым беріліп хабарламаның орындалу мерзімін тоқтату құқығы қарастырылған. Салық төлеушілердің ұсынысын ескере отырып, камералық бақылау шеңберінде өзара әрекеттесу туралы бірқатар түзету енгізілді. Мәселен, салық төлеушілерге хабарламаны орындамау туралы шешімге шағымдану құқығы берілді, әртүрлі себеп бойынша жіберілген өтеу мерзімін қалпына келтіру үшін салық төлеушіге өтініш беру құқығы берілді және шешімге шағым беру кезінде салық төлеушінің банк шоттарын жабу және салық органы жоспардан тыс салықтық тексеруді тағайындау тоқтатыла тұрады.