Қазақ елі қасиетті айда ақша жинап, 6 мұқтаж отбасыға баспана алып берді

Қазақ елі қасиетті айда ақша жинап, 6 мұқтаж отбасыға баспана алып берді

Қайырымдылық  жасау, садақа беру, көмектесу – игілікті іс. Қасиетті Рамазан айында көпшілік қолынан келгенше жақсылық жасауға асығатыны рас.   Пәтер алудың тиімді жолдарын үйретіп жүрген сарапшы әрі блогер Дәулет Мұқаевтың әлеуметтік желідегі оқырмандары небәрі 6 күнде 100 000 000 теңге жинап, жаңа рекорд орнатты. Осылайша, жүрегі жомарт жандар мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлап отыр. Халықтан жиналған қаражатқа 6 отбасы үйлі болып, Мақтааралдағы мектеп түлектеріне 160 ноутбук алынған.