Блокпосттағы көлік апатынан полицей көз жұмды

Блокпосттағы көлік апатынан полицей көз жұмды

Алматыда мас жүргізуші блокпосты соғып өтіп, салдарынан полиция қызметкері көз жұмды. «Сағат 05:26да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай шағын ауданында BMW маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған А. есімді азамат Қожабеков көшесімен жүре отырып, солтүстік бағытта Жаңа Ғасыр көшесімен қиылысында №4 блокпостыны кесіп өткен. Алдымен бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерциямен ішінде екі полиция қызметкері отырған патруль көлігіне соқтығысқан», – деп хабарлайды полиция департаменті. Өкінішке қарай, патрульдердің бірі, полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев, алған ауыр жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды. Оның қасындағы әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың жағдайы өте ауыр. Қаладағы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.