Болат Бақауовтың 3,5 жылға бас бостандығы шектелді

Болат Бақауовтың 3,5 жылға бас бостандығы шектелді

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. «Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») бойынша айыпты деп танылды. Соттың үкімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды», – деді №2 соттың судьясы Нұрлан Қайырбеков. Cондай-ақ сот үкімімен экс-әкімге көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды. Бұдан бөлек, ол 100 сағат уақыт қоғамдық еңбекке жұмылуға міндеттелді. Оған қоса Бақауов 10 мың долларды қайтаруға міндеттелді. Айта кетейік, биыл қаңтарда Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ұсталып, үш айдан аса үйқамақта отырды.