Трамп құттықтады

Трамп құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аты­на Қазақстан Республи­ка­сы­ның президенті болып сайлануына орай, АҚШ Пре­зи­ден­ті Дональд Трамптан құт­тық­тау жеделхаты келіп түсті.

«Осы жылдардың ішінде екі­жақты қа­­рым-қатынастарымызда үлкен же­тістік­тер­ге қол жеткіздік, ынтымақ­тас­т­ық ру­хымыз­дың ары қарай да жал­ғаса беретініне кәміл сене­мін. Америкалық бизнестің Қа­зақстанмен эко­номика­лық ын­тымақ­тастықты кеңейту ба­ғы­тында жаңа мүмкіндіктер алғаны қуан­­тады» деп жазды Дональд Трамп.

Ақ үй басшысы АҚШ-тың Қа­зақ­стан­мен кеңейтілген стратегия­лық әріптестікті іл­герілету жолын­дағы бір­лескен жұмыс­тарын жа­л­ғастыра беруге ниетті екенін атап өтті.

«Ортақ қауіп-қатерлерге қарсы іс-қи­­мыл жасау үшін біздің терең стра­те­гиялық әріп­тестігімізді іл­герілету ісін­де Сізбен ынты­мақ­тастыққа үміт­тенемін. АҚШ Қазақстанмен мығым әріп­тестікті баға­лайды. Орталық Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында Сізбен және Қазақстан хал­қымен бірлескен жұмыстарды жал­ғас­тыра бермекпіз. Жұмы­сыңызға мол та­быс тілеймін», – де­лін­ген АҚШ пре­зидентінің құттық­тауында.