Әкім пара алды ма?

Әкім пара алды ма?

Алғашында әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласындағы бір ауданның әкімі парамен ұсталды деген ақпарат тарады. Артынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтің пара алды деген күдікке ілінгенін растады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу коми­те­тінің бас тергеушісі Данияр Бекай­даров Асқар Есіловтің күдікті екенін мәлімдеді. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Байқоңыр ауданы әкімі жайын­дағы ақпарат рас. Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызмет Байқоңыр ау­да­ны әкімінің пара алу фактісіне қа­тысты ұсталғанын растайды. Ол ауданды абаттандыру және жалпы қамқорлық бойынша қосалқы мер­дігерлік жұмысты алуға көмектескені үшін жеке компания өкілінен iPhone ұялы телефонының соңғы нұсқасын пара ретінде алды деген күдікке ілінді», – деді Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі Тергеу комитетінің бас тер­геушісі Данияр Бекайдаров. Бұған дейін Асқар Есілов Алма­ты ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы корпоративтік басқару департаментінің директоры қызметін атқарды. 2019 жылдың сәуірінде Байқоңыр ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.   Айбике ЖАНАСЫЛ