Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу мәселесі қарастырылмайды

Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу мәселесі қарастырылмайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын алу мәселесі қарастырылмайтынын нақты айтты.  «Комсомольская правдаға»  берген сұхбатында: «Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды және күн тәртібінде тұрған жоқ», – деп айтты. Тоқаев  Қазақстан мен АҚШ арасында энергетика, инвестиция және технология салалары бойынша әріптестік сәтті жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. «Біз АҚШ-пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша үнемі байланыстамыз», – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақстан мен АҚШ мамандары арасында биологиялық қауіпсіздік мәселесі бойынша тығыз әріптестік байланыс болғанын айтты.

«Келісімшарттың аяқталуына байланысты АҚШ ғалымдары Алматыдағы биозертханадан кетті. Қазіргі уақытта тек қазақстандық мамандар жұмыс істеп жатыр. Зертхана мемлекет бюджетінен қаржыландырылады», – деді Тоқаев.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер Қазақстан үшін өте маңызды.