Партияға – жаңа хатшы

Партияға – жаңа хатшы

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен партияның хатшысы қызметіне Жігер Қалиев тағайындалды.

Кеше Орталық аппарат­тың ұжымымен кездесу ба­рысында партия Төраға­сының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұжымға жаңа хатшыны таныстырды. Ол өз сөзінде жаңадан та­ғайын­далған хатшының мем­ле­кеттік органдарда, пар­тия­ның өзінде де қызмет ат­қарған мол тәжірибиесі барын айтты.

– Жігер Қуанышұлы – қыз­метіне адал. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, ол пар­тияда бұған дейін 10 жыл қыз­мет атқарды. Ол – елі­міз­ге, партияға және Елба­сына адал қызмет етіп келе жат­қан маман. Жігер Қалиев ұйым­­­дастыру және ай­мақтық жұмыстарға же­тек­шілік етеді, – деді Бауыржан Байбек.

Жігер Қалиев еңбек жо­лын 1995 жылы Мемлекет­тік мүлікті басқару бойынша Ақтөбе аймақтық коми­тетінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары Ақ­төбе облысы Экономика және индикативті жоспарлау департаментінің, Жер қой­науын пайдалану және қор­шаған ортаны қорғау бас­қармасының басшысы болған. Салық комитеті төрағасының Ақтөбе қаласы бойынша орынбасары қыз­метін атқарған.

2007 жылдан бастап 2016 жылға дейін Nur Otan пар­тиясының Орталық аппа­ратында консультант, директордың орынбасары, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры болды.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы әкімі ап­параты басшысының орын­басары, ал 2019 жылдың ақпан айынан бастап Ал­маты қаласы әкімі аппара­тының басшысы қызметін атқарды.