Нұр-Сұлтан қарға батып жатыр

Нұр-Сұлтан қарға батып жатыр

Ақ түтек боранның кесірінен Нұр-Сұлтан қаласында көліктер қар құрсауында қалды. Қалалық төтенше жағдай­лар департаментінің мәліметіне қарағанда, кеше 17:15-ке дейін қала ішінен 63 адам қар құрсауынан құт­қарылды. Департамент таратқан дерек­терге қарағанда, күні бойы сала мамандары қарға батқан 36 жеңіл көлікті қардан аршып алыпты. Сөйтіп, қала көшелерін қардан тазалау ісі әлі жалғасып жатыр. Қар тазалауға 1 700 жұмысшы мен 1 127 тех­ника жұмылдырылған. Ал қар төгуге арналған алты полигонның екеуі қазірдің өзінде толып қалды. Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департа­мент­тің бастығы Бауыржан Сыздықов қала әкімі Алтай Көлгіновке жер­гілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялау туралы ұсыныс енгізді. Мұндай жағдайда Ұлттық ұлан жауынгерлері қала тұрғын­дарына көмекке келеді.   Аманкелді ҚҰРМЕТ