Басты міндет – заңдылықты сақтау

Басты міндет – заңдылықты сақтау

Мемлекет басшысы Қазақстан Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы бар­лық іс-шаралар Конституцияға сәйкес өт­кізіл­ген.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қайрат Мәмиге Конституциямыздың толық әлеуетін әлі де кеңірек қолдануға, аза­маттардың құқықтарының сақталуын бақылау­ды назарда ұстауға тапсырма берді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады. Кездесуде Парламенттің Жоғарғы палатасының қазіргі жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, соның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлар  сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, азамат­тардың есірткі таратқаны, әсіресе, интернет арқылы таратқаны үшін жазаны қатаңдату қажетін айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қол ас­тындағы қыз­меткерлердің жемқорлыққа қа­тысты құқық­бұзушылығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші бас­шыларының жауап­кершілігін заңнамалық нор­маға енгізудің маңызды екенін атап өтті.