Біздің күшіміз – бірлікте

Біздің күшіміз – бірлікте

«Елімізге қайғы әкелген осы күн­дерде жеке өзімнің және Се­нат депу­таттарының атынан қаза тапқандардың және зардап шеккендердің отбасы­ларына қайғырып көңіл айтамын. Сіздер душар болған қайғыға ортақ­та­сып, бірге қайғырамыз, біз сіз­дер­мен біргеміз. Арыс тұрғын­да­рына қол ұшын созған қазақстан­дықтарға ерекше алғыс айтамыз. Жүрегі мейірімге толы мыңдаған жан адамдарды көшіруге кө­мектесті, тамақпен, киім-ке­шек­пен бөлісіп, баспанасыз қалған­дарды үйле­ріне орналастырды, жоғалған балалар­ды іздеуге көмек берді. Ержүрек әскери қызметшілер тәуекелге бел буып, төтен­ше жағдай аймағынан адам­дарды көшірді, отпен, өрт­пен күресті. Адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға уақытша қиындықтарды бастан өткеруге көмектесу үшін дәрі­герлер, полиция қызметкерлері, өрт сөндіру­шілер, еріктілер, республикалық және жергілікті билік органдары қолдан келген­нің бәрін жасауда. Зардап шек­кендердің бәрі тезірек сауығуын тілей­міз», – делінген жеделхатта.

Жоғарғы палата басшысының байламынша, біздің күшіміз бірлік пен қайырымдылықта және рақымшы­лықта екенін қазақстандықтар тағы да паш етті. Бүкіл елімізде Арыс тұрғын­дары үшін киім-кешек, ақша және азық-түлік жинақталып жатыр.

«Біз тек біріге отырып, барлық қиын­­дықтарды еңсереміз, мұқтаждарды қолдау арқылы Арысты қалпына кел­тіре аламыз. Қазақстан Парламенті Се­натының депутаттары мен Сенат аппа­ратының қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын Арыс қаласында төтен­ше оқиға салдарынан зардап шеккен­дерге аударды», – деп хабарлады Д.Назарбаева.


Елдос СЕНБАЙ