Жарқын Жұмаділов Elorda Aqparat директоры болып тағайындалды

Жарқын Жұмаділов Elorda Aqparat директоры болып тағайындалды

Elorda Aqparat жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жаңа директор тағайындалды.

Бұған дейін Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған Жарқын Жұмаділов Elorda Aqparat-қа директор болып тағайындалды.
Жарқын Жұмаділов Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, Nur Otan партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөлімінде басшылық қызмет атқарған.
Саяси ғылымдар магистрі, «Алаш айнасы», «Жас қазақ» республикалық газеттерінде, Қазақ радиосында саяси шолушы болған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шеф-редакторы және республикалық интернет сайттарда бас редакторлық қызмет атқарған.