Әлем елдері коронавируспен қалай күресіп жатыр?

Әлем елдері коронавируспен қалай күресіп жатыр?

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны  11,5 миллионға жетіп, 535 мыңнан астам адам бұл өмірмен қош айтысты. Денсаулық сақтау ұйымы инфекцияның таралу қарқыны күшейіп жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. Өткен демалыс күндерінің өзінде әлем бойынша 400 мың жағдай тіркелген. Аурулар саны сағат сайын артып жатқанына қарамастан, ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус әлем әлі пандемияның шарықтау шыңына жеткен жоқ деген мәлімдеме жасады. Енді аурудың негізгі ошағы болып отырған елдердегі ахуалға тоқталайық. [caption id="attachment_56865" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Үндістан. Елде күніне шамамен 20 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. Мәселен, соңғы тәулікте 24 248 адамның ауырғаны белгілі болды. Ал қаза тапқандарға келсек, Үндістан әлем бойынша 8-орында тұр. [caption id="attachment_56866" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Бразилия. Осы аптада Денсаулық сақтау министрлігі бір тәуліктің ішінде 38 мыңға жуық адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Қаза болған адамдар да көбейе бастаған. Ел президенті Жаир Болсонарудың өзі де коронавирус жұқтырғанын растады. [caption id="attachment_56867" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Израиль. Елде жағдай ушығып бара жатқан соң, билік шектеу шараларын қайта енгізді. Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудің айтуынша, апта басында елде COVID-19 бойынша 500 мыңдай жаңа дерек тіркелсе, бүгінде бұл көрсеткіш екі есе өскен. Бар, клуб, спорт залдары жабылып, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Ел үкіметі толық локдаунның алдында тұрғанын жариялады.   [caption id="attachment_56868" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Корея. Маусымның соңында Оңтүстік Корея коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталғанын жариялаған болатын. Бүгінде Тэджон қаласында қатаң шаралар енгізіліп, спорт залдары, музей мен кітапханалар жабылды. [caption id="attachment_56870" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Ресей. Елдегі жағдай президент Владимир Путиннің рейтингінде айтылды. «Левада-центр» мәліметтеріне сүйенсек, сәуір айында рейтинг  59%-ға жетсе, мамырда 25%  болған. Бұл 20 жылдық басқару ісіндегі рекордтық минимум, яғни ең төменгі көрсеткіш. Сарапшылар бұған коронавирустың айтарлықтай әсер еткенін айтады. Алайда жұрт ресми статистикаға сенуден қалған. [caption id="attachment_56871" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Еуропа. Жағдайды алдын ала бағамдауына қарамастан, кейбір елдерде вирус өршіп тұр. Мысал ретінде Испания мен Сербияны айтуға болады. Сербия билігі 10-13 шілде күндері Белградта коменданттық сағат режимі енгізілетінін хабарлады. Бүгінде қалада COVID-19 бойынша 299 жаңа жағдай тіркеліп, 13 адам қаза тапқан. Сербияның өзге 19 қаласында және аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Жаңа шектеулер енгізу туралы жоспарды естіген жұрт Белград орталығында жаппай  алауыздыққа жол беріп, соңы тәртіпсіздікке ұласқаны мәлім. Наразылық білдіріп, ашынған жұрт полиция өкілдеріне тап беріп, автомобильдер мен қоқыс жәшіктерін өртеді. Парламент ғимаратының алдына 5 мыңдай адам жиналып, ғимарат ішіне баса-көктеп кірген. Жиналғандардың жартысы оппозиция белсенділері болып шықты. Сарапшылар Еуропадағы экономика биыл 8,3%-ға құлдырайды және келер жылы 5,8% қалпына келеді (сәуірдегі болжам  -7,4%  және +6,1% болған еді) деп болжам жасап отыр. [caption id="attachment_56873" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] АҚШ. АҚШ-тың бас эпидемиологі Энтони Фаучи АҚШ вирустың бірінші толқынына «тізесіне дейін батты» деп есептейді. Коронавирустан қаза тапқандар саны дүйсенбіде 130 мың адамға жетсе, індет жұқтырғандар 3 миллионға жуықтаған. [caption id="attachment_56874" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Австралия. Австралия коронавирусқа байланысты Мельбурнда алты апталық локдаун енгізді. Мұнымен қоса, халқы ең көп екі штатпен – Виктория және Жаңа Оңтүстік Уэльспен шекарасын жапты. Қос шекараның қай уақытқа дейін жабылғаны белгісіз болып отыр.