Оңтүстік кореялық жанкүйерлер Роналдуды сотқа берді

Оңтүстік кореялық жанкүйерлер Роналдуды сотқа берді

Футболшы 90 минут бойы қосалқы құрам скамейкасынан қозғалмаған

Оңтүстік кореялық жанкүйерлер әйгілі футболшы Криштиану Роналду мен «Ювентус» клубын сотқа берген.

Шілде айының соңында «Ювентус» маусым алдындағы дайындыққа байланысты кореялық футболшылармен жолдастық кездесу өткізген болатын. 

Криштиану Роналду әйгілі испаниялық басылымның сыйлығына ие болды (видео)

Келісімшарт бойынша Роналду алаңға бір таймға болса да шығуы керек болған. Алайда футболшы 90 минут бойы қосалқы құрам скамейкасынан қозғалмаған. Ал фанаттар болса Роналду үшін билет сатып алып, стадионды лық толтырыпты.

УЕФА 2018/19 маусымдағы ең үздік голды анықтау үшін дауыс беру жариялады (видео)

Жанкүйерлер болса үмітінің ақталмағанын, Роналдудың алаңға шықпағанын әділетсіздік деп санайды. Сондықтан олар заңдық тұрғыдан мәселені реттеуге құлықты.

ФИФА «Жылдың үздік футболшысы» атағына үміткерлердің тізімін жариялады

«Бұл дұрыс емес. Футболшыны күтіп, үміттері ақталмаған жанкүйерлер өтемақы талап етеді. Біздің айыптауымыз негізінен промоутерлерге бағытталады. Дегенмен «Ювентус» клубы да кінәлі. Роналдуға да өкпеміз қара қазандай» дейді заңгер Ким Мин Ки.