Витебскіде «Витебск-2020» және «Славян базары» халықаралық балалар музыкалық конкурсы мәресіне жетті. Гран-приді белоруссиялық Ангелина Ломако иеленді. Литвадан келген Криступас Кэрулис I орын алса, ІІ орын қазақстандық Жасмин Тілеумбетова мен ресейлік Владимир Серковқа бұйырды. Молдовалық Богдана-Бьянка Вистерничану және украиндық Анастасия Мартынюк – III орында. Биыл «Славян базары» балалар конкурсына 17 елден әншілер қатысты.