Нұрсұлтан Назарбаев Құрбан айтпен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Құрбан айтпен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! 

Құрбан айт – әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам, жақсылықтың, қайырымдылық пен кеңпейілділіктің символы. Бұл мереке бейбітшілік, бірлік және келісім сияқты жалпы адами құндылықтарды қастерлеуге үндейді. Құрбан айт және басқа да діни мейрамдар қоғамда рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға септігін тигізетіні және ізгі ниет пен игілікті амалдар арқылы көрініс табатыны қуантады. 

Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!