"Jas Otan" Жастар қанаты дәрігерлерге сый-сияпат жасады

"Jas Otan" Жастар қанаты дәрігерлерге сый-сияпат жасады

"Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" Жастар қанаты мен өңір меценаттары, белсенді партиялықтар медицина қызметкерлерін қолдау акциясын ұйымдастырды. Бұқар Жырау ауданында өткен "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясына Парламент Мәжілісінің депутаттары  Гүлнара Бижанова және  Василий Олейник қосылды. Короновирус инфекциясымен күресу кезеңінде ауылдық провизор орталықтары да қиын жағдайда тап болған: өңірде медицина мамандары жетіспейді. Мамандығының қиындығына қарамастан, барлық медицина қызметкері тәулік бойы дәрігердің көмегіне мұқтаж адамдардың жанында. Ауданның медицина қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталып, сыйлық пакеттері табысталды.