Сенімді стратегиялық әріптестік

Сенімді стратегиялық әріптестік

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Кеңейтілген әріп­тестік пен ынтымақтастық туралы келісім және Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың жаңа стратегиясы аясында, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мәселелерін талқылады.

«Қазақстан сыртқы экономикалық және ин­вестициялық әріптесі – Еуропалық Одақпен жан-жақты және көп бағытты өзара іс-қи­мыл­дарды дамытуға үлкен мән береді» деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық ко­мис­сияның төрағасы Урсула фон дер Ляйенді, Еу­ропалық Кеңестің президенті Шарль Ми­шель­ді және Еуропалық орталық банк төрағасы Кристин Лагардты жоғары лауазымдарға сайлануымен құттықтап, ЕО басшылығының жаңа «үштігімен» ашық және сенімді диалог тараптардың саяси және экономикалық ын­ты­мақтастығын одан ары жандандыруға ықпал ете­тініне сенім білдірді.

Петер Бурианның пікірінше, Мемлекет бас­шысының Қазақстанды жаңғырту жөніндегі бас­тамалары мен басымдықтары азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен заң үстемдігінің жалпы қабылданған принциптерін басты на­зарда ұстап, елдің даму тарихында жаңа кезеңге бастайды.

Еуропалық Одақтың арнайы өкілі халық­аралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты ны­ғайтуға, оның ішінде Орталық Азия мен Ауған­стандағы еліміздің рөлі мен үлесін жо­ғары бағалады.