Тұрғындар өтінішін тыңдады

Тұрғындар өтінішін тыңдады

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттық фракциясының мүшесі Әлімбек Жұмабаевтың жетекшілігімен көшпелі қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауға Nur Otan партиясы Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметова, аудандық мәслихаттың тиісті сайлау округінен сайлаған депутаттары К.Бегалиев, З.Сұлтанмұратов және ауылдық округ әкімдігінің жауапты мамандары қатысты. Отырыста бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

– Біз қоғамдық қабылдау бөл­мелеріне келіп түскен әрбір арыз-ша­ғымды мұқият қарап, мүм­кіндігінше, оның оңтайлы шешілуіне ықпал етіп келеміз. Қоғамдық қабылдау бары­сын­да айтылған арыз-шағымдарды тал­дау барысында, біз азаматтардың Nur Otan партиясына сенім артып ке­летінін байқадық. Сондықтан, алдағы уа­қытта біз барлық мүмкіндікті пай­далана отырып тұрғындардың мә­се­лелерін шешу үшін жүйелі әрі нақты жұ­мыс істейтін боламыз, – деді Әлім­бек Жұмабаев.

Қоғамдық қабылдау барысында об­лыстық мәслихат депутаты Нұр­лы­кент, Ақтөбе, Бәйтерек ауылдарынан келген тұрғындардың мәселелерін тың­­дады. Тұрғындар аудан орта­лы­ғы­на апаратын жолдың біраз уақыттан бе­рі жөндеу көрмегенін айтып, жолау­шыларға қолайсыздық туғызып жат­қанын жеткізді. Өз кезегінде Ақтөбе, Бәйтерек ауылының тұрғындары да ауыл­дық округ арқылы өтетін облыс­тық мәндегі «Теріс-Бақалы-Сұрым-Бәй­терек» бағытындағы жолдың са­пасыз жөнделіп жатқанын тілге тиек етті.

Қабылдауда сондай-ақ, ауылды жер­лерде спорттық алаңдардың тап­шы­лығы, өңір шаруаларының Қырғыз ше­карасынан келетін ағын суға зәру болып отырғаны да баса айтылды. Спи­кер Ақтөбе ауылының тұрғыны Ринат Жапаровтың ауылға Street Workout спорттық алаңын соғу туралы өтінішіне қолдау білдіріп, ұсыныс ие­сімен мұндай алаңды қай тұстан сал­ған тиімді болатынын талқылап, спорт­тық алаңға қажетті жабдықтарды жер­гілікті жерде дайындауға ауыл кәсіп­керлерінің қандай мүмкіндіктері бар екені туралы кеңесті.

Тұрғындар өтінішін мұқият тың­даған Әлімбек Әсембекұлы атал­ған мә­селелердің барлығы байыпты зер­делеуді қажет ететінін айтты. Ол со­нымен қатар тұрғындардың ұсы­ныс-пікірлері ескеріліп, осы мақсатта тиісті орындарға тапсырма берілетінін жеткізді. Облыстық мәслихат депу­таты қоғамдық қабылдау соңында об­лыстың, соның ішінде ауданның атқарушы органдарымен тығыз бай­ла­ныста жұмыс істей отырып, сай­лауал­ды бағдарламасын орындауға ары қарай да күш сала беретініне сен­дірді.