Жаңа тағайындау – жаңа бастама

Жаңа тағайындау – жаңа бастама

Nur Otan партиясы жанын­дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы қызметіне Омархан Өксікбаев тағайын­далды. Бұл туралы Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды.

– Nur Otan партиясының Лидері Н.Назарбаевтың Қаулысымен Омархан Өксікбаев – партия жанындағы Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­нін­дегі республикалық қоғамдық кеңес­тің төрағасы, Павел Казанцев Партиялық ба­қылау комитетінің төрағасы болып та­ғайындалды, – деп жазды Партия тө­ра­ғасының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы фракциясы депу­тат­тары­ның кәсіби білігі, табан­ды­лығы, мемлекеттік және партия жұ­мы­сындағы мол тәжірибесі аталған пар­тиялық ор­гандарды күшейтуге ықпал ете­тініне сенім білдірді.

Омархан Нұртайұлы 1954 жылы 22 жел­­тоқсанда Алматы облысы Балқаш ау­даны Көктал ауылында туған. Алматы ха­лық шаруашылығы институтын біті­ріп, Францияда (Парижде) «Нарықтық эко­номикадағы аудиторлық қызмет» ма­мандығы бойынша білім алды. Эко­номика ғылымдарының докторы. ҚР Пре­зиденті Әкімшілігі Бас бақылау инс­пек­циясының басшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы, Республикалық бюд­жеттің атқарылуын бақылау жөнін­дегі есеп комитетінің төрағасы қызмет­терін атқарған. 2016 жылғы 25 наурыз айынан бастап – алтыншы шақырылған Қа­зақстан Республикасы Парламенті Мә­жілісінің депутаты, Nur Otan халық­тық-демократиялық партиясының мүшесі. «Құрмет», «Парасат» ордендері­мен медальдармен марапатталған.

Павел Казанцев 1960 жылдың 22 нау­рызында Томск қаласында дүниеге кел­ген. Алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Ф.Джерзинский атындағы КСРО МҚК Жоғары мектебін бі­тірген. Әр жылдары ҚР Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы қорының даму бойын­ша менеджері, бағдарламаларды, іс-шара­ларды, сыртқы байланыстар мен ком­му­никацияны жоспарлау қызметінің же­текшісі, ҚР Кәсіподақтар федера­ция­сы төрағасының орынбасары болған. «Құр­мет», «Ерен еңбек үшін» медалімен ма­рапатталған.

Партияның жұмысын қайта жаң­-ғыр­ту аясында Стратегиялық бастама­-лар институты Қоғамдық саясат инс­титу­ты болып қайта құрылды. Партия тө­рағасының бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек институттың жаңа бас­шылығына партияның қызметіне же­дел қолдау көрсету, сондай-ақ сарап­шылар қауымдастығымен бірлесе жұмыс істеуді кеңейту мақсатында қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізудің нақ­ты міндеттерін қойды. Nur Otan пар­тия­сы Қоғамдық саясат институтының дирек­торы болып Айнагүл Шайкенова та­ғайындалды.

Айнагүл Шайкенова әр жылдары Қос­танай облысының әкімдігінде, Мә­дениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жұмыс істеді. Сондай-ақ ол Ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары, Әлеуметтік технологиялар орталығының атқару-
шы директоры және т.б. қызметтер ат­қарды.