Бюджеттің жайы баяндалды

Бюджеттің жайы баяндалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиынға Премьер-министр Асқар Мамин, Премьер-ми­нистрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орын­басарлары – Бердібек Сапар­баев пен Жеңіс Қасымбек, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Есеп ко­митетінің төрағасы Наталья Годунова, сондай-ақ Пре­зи­дент Әкім­шілігінің басшылығы қатысты.

Кеңес барысында Президентке республи­ка­лық бюджеттің алдағы үш жылға арналған жо­басының негізгі параметрлері баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет жобасының тең­герімді және елі­міздің әлеуметтік-эконо­ми­калық даму талаптарына сай екенін айт­ты. Со­нымен қатар, Мемлекет басшысы бюджеттік шы­ғыстардың тиімділігін арттыру және бюджет­тің кірісін одан ары ұлғайту жө­ніндегі жұмыстар­ды жалғас­тырудың маңызын атап өтті.

Президент бюджетті жоспар­лаудың барлық ке­зеңінде шы­ғыстарды оңтайландыруға, Есеп комитетімен өзара тығыз ықпал­дастық орнатуға, сон­дай-ақ не­гізсіз имидждік және консалтингтік шы­ғындарды қысқартуға ша­қырды.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркітіл­дес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұйым­ның қазіргі жұмыстарының негізгі бағыт­тары, соның ішінде биыл қазан айында Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің саммитіне дайындық ба­рысы туралы баяндалды.