Сауд Арабиясындағы жағдайдан кейін мұнай бағасы күрт аспандады

Сауд Арабиясындағы жағдайдан кейін мұнай бағасы күрт аспандады

Мұнайдың әлемдік бағасы саудиялық өндіріс қарқынының төмендеп кетуіне байланысты аспандап кетті. Бұған сатылымдардың көрсеткіші дәлел.

РИА Новости ақпарына сәйкес, Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қарашадағы фьючерстері ашық саудада барреліне 67,8 долларды (алдыңғы бағам бойынша 60,15 болған) құраған еді, енді 71,62 (немесе 19,1 пайызға) долларға өсті.

WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері сауданың ашылуында 60,09 долларға дейін (алдыңғы бағам бойынша 54,8 доллар) аспандап, 63,47 долларға жетті.

АҚШ президенті Дональд Трамп осы орайда өзінің Twitter-де нарықты тұрақтандыру үшін АҚШ-тың стратегиялық резервінен мұнай бөлуге рұқсат бергенін хабарлады. Мұнайдың ауқымы кейін белгілі болады.

Атап өтерлігі, ірі мұнай өндіруші және эскпорттаушы Сауд Арабиясының мұнай өндіретін зауыттарына 14 қыркүйекте шабуыл жасалды. Салдарынан оның мұнай өндіру нысандары өндірісті тәулігіне 9,8 миллионнан 5,7 миллион баррельге күрт қысқартты.