АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға санкциялардың айтарлықтай күшейетінін хабарлады. Мемлекет басшысы 18 қыркүйекте қаржы министрі Стивен Мнучинге осындай тапсырма міндеттеді. Ақ үй басшысы шектеу шараларына қатысты нақты анықтама бермеді.
АҚШ президенті Тегеранның Саудияның мұнай өндіретін зауыттарына ықтимал шабуылын алға тартып, Вашингтонның бұған жауап қайтаруы мүмкін екенін байыппен ескертті. Мұндай нұсқалардың қатарында Трамп соғыс қимылдары да бар екенін жасырмады. Алайда ол бұдан да өзге радикалды нұсқалардың барын атап өтті.
2018 жылдың қарашасында Вашингтон Тегеранға қатысты санкцияларды күшейткен еді. Бұған Иранның бірлескен іс-қимыл бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан бас тарту себеп болды. Бұған дейін АҚШ келісімді тәрк еткен еді.
Ал 14 қыркүйекте Сауд Арабиясының мұнай өндіретін зауыттарына шабуыл жасалды. Салдарынан Корольдік мұнай өндіруді екі есеге дейін қысқартты. Ресми Эр-Рияд бұған Иранның қатысы бар деп тікелей эфирлерден дәлелер ұсынды. Дегенмен, шабуылға жауапкершілікті йемендік хуситтер алған еді. Ал Вашингтон болса, бұл жауапқа иланбай отыр. Олардың сөзінше шабуылды йемендік бүлікшілердің жасағанына дәлелдер жоқ. Ресми Тегеран болса, өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды.