Бұл жайт әншіге ауыр тиіп, әр күнді жылаумен өткізген.
«Ешкімнің басына бермесін»: әнші Балжан Бидаш қиын жағдайға тап болғанын айтты
Фото: instagram.com/bidash_official
13,683
оқылды

Әнші Балжан Бидаш бір жыл бұрын басынан қиын жағдай өткенін айтты, – деп жазды  Aikyn.kz.

Ол депрессиядан кейін бет терісі бұзылып, безеу қаптап кеткен кездегі суретін жариялады. Бұл жайт әншіге ауыр тиіп, әр күнді жылаумен өткізген.

 "Бұл жағдайды бір жыл бұрын сіздерден жасырып қалдым. Гримм де, фотошоп та көмектеспеді. Суреттерде бұл бер жағы ғана. Күн сайын көбейе берді. Күнде жылайтынмын. Сол Балжанды қатты құшақтағым келеді. Ешкімнің басына бермесін. Кез келген адамға соққы болары сөзсіз. Көзімде нұр жоқ. Бәрі бетіңді неге шашыңмен жауып аласың" деген сөздер де ауыр тиді", – деп жазды Балжан Бидаш Instagram-да. 

Әнші дерматологқа барып, бір жыл емделген соң қалпына келгенін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.