АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі ретінде Роберт О’Брайенді ұсынғанын хабарлады.
«Мен Робертпен ұзақ әрі қарқынды жұмыс жасадым. Ол жұмысын жақсы жасайды!», - деп жазды Трамп 18 қыркүйектегі twit хабарламасында.
Роберт О’Брайен қазіргі уақытта АҚШ-тың мемлекеттік департаментінде қызмет етеді. Ол тұтқындар ісі бойынша президенттің арнайы кеңесшісі.
Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші лауазымын атқарған Болтон қыркүйектің басында отставкаға кетті. Сонда президент Трамп Болтонның көп шешімімен келіспейтінін алға тартқан еді.