Көлгіновтың кубогы кімге бұйырды?

Көлгіновтың кубогы кімге бұйырды?

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан қаласы əкімінің кубогы» республикалық Жайдарман ойыны өтті.

«Жайдарманға» бас-аяғы 17 команда қатысты. Олардың арасында бауырлас Қырғыз елінен келген «Ош» командасы да бақ сынады. Жастар жылымен тұспа-тұс келген ойынға  түрлі лигаларда өнер көрсетіп жүрген үздік топтар да қатысты. «Шатыр» (Семей), «Шапалақ» (Талдықорған), «Жалын» (Маңғыстау), «Ару.kz» (Арқалық).     «ОҚМПУ» (Шымкент), «Евразият» (Нұр-Сұлтан), «Бес жаңалық» (Петропавл), «Жаңа Семей» (Семей), «Грация» (Нұр-Сұлтан),  «Біз қазақпыз» (Екібастұз), «Бүгін.кз» (Шымкент),  «Акпен Бірге» (Алматы), «АҚ құрамасы» (Семей),  «Біріккен ұлттар құрамасы» (Нұр-Сұлтан), «ОШ» (Қырғызстан Республикасы), «Ақмола облысының құрамасы»  (Көкшетау),  «Сарыарқа құрамасы» (Нұр-Сұлтан) қомандалары көрермен қошеметіне бөленіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі үшінші орынға Қырғызстанның сəлемін алып келген «ОШ» командасы лайық деп табылса, екінші орын алматылық «Ақпен бірге» құрамасына бұйырды. Ал  бас жүлде – «Нұр-Сұлтан қаласы əкімінің кубогы» «Жалын» командасына бұйырды. Көлгіновтің кубогын жаңаөзендік жеңімпаз команда жұлдып алып, 1 миллион теңгеге ие болды. «Үздік ойыншы» номинациясын «Бүгін.кз» командасының жайдарманшысы Нұрлыбек Жаппар иеленді.
Бар жанарды жаулаған «Жайдарманның» осы ойынмен күзгі маусымның шымылдығын түрді. Алда жайдармансүйер қауымды таласты тартысқа, жан жадыратар əзілдерге толы ойындар күтіп тұр!