Еуразия елдері парламенттерінің төрағалары бірлескен мәлімдеме қабылдады

Еуразия елдері парламенттерінің төрағалары бірлескен мәлімдеме қабылдады

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесі жұмысын аяқтады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, елімізде алғаш рет өткен халықаралық шараны қорытындылады.

–Бүгін біз көптеген түрлі пікірлерді, тіпті осы сессия барысында өткір сөз сөйлеулерді де естідік. Біздің барлығымыз да ұйымдастырушылармен бірге қатысушылар арасында диалог орнату үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ұмтылдық. Соның арқасына сенім мен серіктестікті жолға қоюға болады. Бір кеңеспен мемлекеттер, өңірлер арасындағы барлық текетіресті алып тастау мүмкін еместігі түсінікті де. Алайда, қалай десек те біз бірлескен күш-жігерімізбен барлық серіктестерімізге көмектесуге тырыстық,– деді Мәжіліс спикері.

 


 

Нұрлан Нығматулинннің атап өтуінше, кеңес барысында жиынға қатысушылар түрлі салалардағы көпжақты жобаларды жүзеге асыру барысын талқылап. оларды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасты.

–Меніңше, Парламент спикерлері жария еткен бастамалар мен ұсыныстар Еуразия мемлекеттерін серіктестіктің жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді және бүкіл еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен бірлікті қалыптастыруға септігін тигізеді,– деді ол.