Елордада дәретханасы алтыннан жасалған үй сатылады

Елордада дәретханасы алтыннан жасалған үй сатылады

8 бөлмелі, дәретханасы (унитаз) алтыннан жасалған үйдің құны 1,4 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Аталған хабарландыру Krisha.kz сайтында жарияланды.

Хабарландыруда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан коттедждің 2015 жылы салынғаны, жалпы аумағы 1200 шаршы метр екені жазылған. Үйдің өзінің жеке саунасы мен бассейні бар.

Хабарландыруда үйдің бірнеше фотосы салынған. Сондай-ақ, ол жерде коттеждің бір емес төрт санузел бөлмесі бары, оның бірінде алтын жалатылған дәретхана тұрғаны айтылыпты.

Сонымен бірге, бағалы коттедждің ас бөлмесінің көлемі 40 шаршы метр екені жазылған.