Жәнібек Әлімханұлы титулдық айқасына дайындалып жатыр

Жәнібек Әлімханұлы титулдық айқасына дайындалып жатыр

Ж.Әлімханұлы танымал  бокс жаттықтырушысы Джеймс «Бадди» Макгирттің жетекшілігімен Калифорнияда жаттығады.

«Екі аптада 26 раунд спарринг жасадық. Бұйыртса 64 раунд спарринг қалды. Жекпе-жекке дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр. Чемпиондық титулға жақындап қалдық. Бізге босаңсуға уақыт жоқ. Барымызды салып жатырмыз. Құдай қаласа, тарих жасаймыз. QAZAQ STYLE», – деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы айқасын өткен жылдың қараша айында АҚШ-тың Калиформния штаты Фресно қаласында өткізіп, канадалық боксшы Альберт Онолуності  алтыншы раундта нокаутқа жіберген еді.