АҚШ сапары – серіктестіктің алтын баспалдағы

АҚШ сапары – серіктестіктің алтын баспалдағы

Нью-Йорк қаласында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация қатысқан БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы өз жұмысын аяқтады. Жаһан­дық саммит төрткүл дүниенің әр атырабынан мемлекеттер көш­басшыларының, белді саясат­керлер, ірі бизнесмендер, бе­­делді ғалымдар мен сарап­шы­­­лар­дың басын қосты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Президенті ретінде БҰҰ Бас ассамблеясына тұңғыш рет қатысты. Сонымен бірге са­пар бағдарламасына сәйкес, Мем­ле­кет басшысы күн сайын өзге ел­дер лидерлерімен, америкалық және ха­лықаралық бизнестің жетекші­лерімен оннан астам кездесулер өт­кізіп отырды.

Қазақстан басшысы барлық дерлік келіссөздерді аудармашысыз, ағылшын тілінде жүргізген. Оның ба­рысында Қ.Тоқаев жаһандық қару­сыздану мәселесінен бастап, заманауи цифрлы технологиялар дамуының қыр-сырына дейінгі ахуалды жетік, егжей-тегжейлі білетінін паш етті. Өз кезегінде жүздесушілер Қазақстан Президентінің білімдарлығы сүй­сінт­кенін жеткізді.

Кездесулер аралығында көптеген мемлекеттердің басшылары, сонымен қатар белгілі саясаткерлер Қасым-Жомарт Тоқаевқа келіп сәлемдескен. Осылайша, Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясының Нигериядан өкілдік ететін төраға­сы­мен, Португалия, Руанда, Латвия, Литва, Оңтүстік Корея прези­дент­терімен, Нидерланды Королімен, Грекия премьер-министрімен, Фран­ция қаржы министрімен, сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұ­лын осы жаһандық ұйымдағы қыз­меті кезінен бері білетін БҰҰ-ның бір­қатар ше­неуніктерімен қысқа келіссөздер жүрді.

Украина президенті В.Зелен­ский өз өкілдері арқылы Қазақстан басшысымен кездесуін ұйым­дас­тыру­ды сұраған. Бұл жүздесу де өз­гелері секілді орынды әзілге, іскерлік әң­гімеге құрылды және достық ауан­да өтті.

Айтқандай, Қазақстан Президенті мінберге шақырылғанда, оны «БҰҰ-ның бұрынғы басшыларының бірі» ретінде таныстырды. Сондықтан жиылған қауым оған үлкен қошемет көрсетіп, қол соқты.

Бұдан бөлек, БҰҰ Бас ассамблеясы құрылтайы аясында Қ.Тоқаев Иор­дания Королі ІІ Абдалламен, Бол­гария, Швейцария, Грузия, Польша президенттерімен, БҰҰ Бас хатшысымен, АҚШ лидерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Сонымен бірге Мемлекет бас­шысы БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясының Жалпы дебаттары­ның ашылуына қатысты.


Ерік ЕРДЕН