Арыста тұратын келіншек үйінде орамал тігіп, 300 мың тауып отыр

Арыста тұратын келіншек үйінде орамал тігіп, 300 мың тауып отыр

Ол қысқамерзімді кәсіптік оқу оқып, тігінші мамандығын меңгерген. Содан кейін 505 мың теңге қайтарымсыз мемлекеттік грант жеңіп алып, үйінен кішігірім тігін цехын ашты. Іскер келіншек арнайы тігін машинасымен күніне 10 дана (сұранысқа қарай) әйелдерге арналған түрлі орамалдар тігеді. Бағасы 2 500 теңгеден басталады.  Өзінің айтуынша, шығынын есептемегенде айына 300 мың теңге табыс тауып отыр. Кәсібін жүргізгеніне 1 жылға жуықтаған. Zakon.kz-тің жазуынша, қазір ол үйде отырып ғаламтор арқылы өз бұйымдарын сатады.

Фото: Zakon.kz