ҚызҰПУ қайраткер қыздар жайлы кітап шығарды

ҚызҰПУ қайраткер қыздар жайлы кітап шығарды

Қыздарымызды тәрбиелеп, білім беріп, үлкен өмірге жөн сілтеуде Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жөні бөлек.
«Ұлттың ұлағатты ұясы» атты анықтамалық-танымдық жинақ университет бастамасымен шықты. Кітапта еліміздегі педагог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орнының еліміздің ғылым, білім беру және мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген түлектерінің азаматтық келбеті, олардың атқарған қызметтері мен игілікті істері кеңінен баяндалған.

«Жинақта оқу орнында атқарылған ауқымды жұмыстар мен жетістіктер де топтастырылған. Кітап «Тарих. Таным. Таразы», «Парасат мектебі: бүгіні мен болашағы», «Тұлғалар», «Ғалымдар», «Ұстаздар» және «Ақын-жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері» атты бөлімдерден тұрады. Азаматтық келбеттері оқырман назарына ұсынылған түлектердің қатарында Күләш Құнантаева, Шәмша Беркімбаева, Оразкүл Асанғазы, Асылы Осман, Ақұштап Бақтыгереева сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері бар», – дейді кітаптың құрастырушысы әрі бас редакторы Жандар Асан.