Мемлекеттік қызметтегі 1000 зейнеткер, 8 мың лауазымды шенеунік қысқаратын болды

Мемлекеттік қызметтегі 1000 зейнеткер, 8 мың лауазымды шенеунік қысқаратын болды

Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту кезең-кезеңімен жүргізіледі.

«Биыл мемлекеттік аппаратты 10 пайызға, келесі жылы тағы 15 пайызға оңтайландыру жоспарда бар. Президенттің мемлекеттік аппаратты 25 пайызға қысқарту тапсырмасы 2021 жылы жүзеге асады», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 97 мың мемлекеттік қызметкер бар. Бұл – 9,2 млн экономикалық белсенді халықтың 1,1 пайызы.

«Бұл көрсеткіш дамыған мемлекеттердің көрсеткішімен сай келеді. Мәселен, Францияда мемлекеттік қызметкерлердің үлесі – 8 пайыз, Канадада – 1,5 пайыз, Австралияда – 1,4 пайыз, АҚШ-та – 1,3 пайыз. Кейінгі жылдары Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. 2018 жылы бізде 98,7 мың мемлекеттік қызметкер болса, былтыр – 97,4 мың, биыл І жартыжылдықта 97 мың болды», – деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, біріншіден оңтайландыруға жататын лауазымдар кезінде ең біріншіден тұрақты лауазымдар қарастырылады.

Бүгінгі таңда вакансиялардың саны – 8 мың. Бұл – мемлекеттік аппараттың жалпы лауазымының 8,5 пайызы. Зейнеткерлердің жұмысты босатуына байланысты 1 мың лауазым бос қалады.

Одан бөлек 6 мың мемлекеттік қызметкер жеке секторға немесе басқа да ұйымдарға ауысады.