Америкалық музыканттар «Айттым сәлем, қаламқасты» орындады

Америкалық музыканттар «Айттым сәлем, қаламқасты» орындады

Видео Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook-тағы парақшасында жарияланды.   https://www.facebook.com/usembassy.nursultan/videos/1649498115209066/  

«Humming House тобы 2018 жылы American Music Abroad бағдарламасымен Қазақстанға келіп, кеткен. Абайдың туған жері – Семей өңірін аралаған. Humming House тобының қазақ әнін орындауы бірінші рет емес. Екі жыл бұрын «Наурыз» әнінің кавер нұсқасын әннің авторы Айдос Сағатпен бірге жазған болатын» делінген ресми хабарламада.

Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы тойланып жатыр.