Асқар Мамин министрлікте біреуінің орнына екі жаңа комитет құрды

Асқар Мамин министрлікте біреуінің орнына екі жаңа комитет құрды

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті қайта құрылады.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысы жарияланды. Үкімет басшысының қаулысына сәйкес, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің орнына екі комитет құрылады:

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.

Құжаттың толық мәтінін мын сілтемеден оқуға болады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Мемлекеттік қызметкерлерді 25 пайызға қысқарту – тиімді шешім» деп айтқан болатын.

Президент Жолдауында: "Биыл Мемлекеттік қызметкерлерді 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға қысқартуды жоспарлау керек. Нәтижесінде, 2021 жылы 25% қысқартуға қол жеткіземіз", – деді.