Отбасын ойрандаушыға жаңа жаза енгізіледі

Отбасын ойрандаушыға жаңа жаза енгізіледі

«Отбасылық-тұрмыстық зор­лық-зом­­­былыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы осы сипаттағы озбырлыққа тосқауыл қою сала­сындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың құқықтық тетік­терін ретке келтірмек. Бұдан былай егер үйдегі қорлау қарекеттері кәмелетке толмаған балалардың көзінше жа­­­салса, от­басылық агрессор үшін жаза қатай­­тылатын болады. Өйткені ол тек жұбайының ғана емес, жас ұрпақтың да сана-психикасына жара салады. Айта кету керек, бұл талап тек ерлерге ғана емес, жан­жалшыл әйелдерге де қатысты. Жәбірленушілерді қорғауды күшейту үшін депутаттар жеке норма ұсынды: оған сәйкес, по­лицей енді қорғау нұсқамасын (защитное предписание) енгізу туралы шешімді өз бетінше қа­былдайды. Мысалы, сабалған әйел тәртіп сақшысын шақыр­ғанымен, ол келгенде оның кө­мегінен бас тартып, күйеуін қор­ғаштай бастауы мүмкін. Жаңа заң жобасы бойынша егер құқық қор­ғау органының қызметкері жәбір­ленушінің бет-аузы кө­гергенін, жарақат алға­­нын көрсе, онда зардап шегушінің айыпты туралы оң пікірімен санаспай, отағасын отбасынан уақытша қуа­тын құжатты толтыра береді. Ал қолданыстағы заң бойынша құ­қық бұзушының мінез-құлқына та­лаптар тізбе­­­сінен тұратын қор­ғау нұсқамасы тек зәбір кө­­ру­­шінің сұрауы бойынша ғана ұсы­нылады. Осы жаңа қорғау тетігінің қажеттілігін атап өткен Мәжіліс Спикері депутаттар ұсынған нор­ма құрбанды қорқыту арқылы тәртіп бұзушы­­­лардың әділ жазадан құтылып кетуіне жол бермейтініне сенім білдірді. Нұрлан Зай­рол­лаұлы бұл норманы жүзеге асы­рудың айқын әрі түсінікті тетігін құрудың маңызына екпін түсірді. – Полицейлер де әртүрлі: бірі табандылық танытып, нұсқаманы толтырады, ал басқасы қолын бір-ақ сілтеуі мүмкін. Құқық пен тәр­тіпті қорғайтын органдар өкіл­дері тарапынан адами фактордың ық­палын мейлінше азайту ке­рек, – деді Мәжіліс Төрағасы. Оның байламынша, заң нор­масы заңға тәуелді актілерде нақ­ты реттелуі және барлық ме­мор­гандардың жұмысы үйлес­тірілуі қажет. Сонымен, заң жобасына сәй­кес, отбасын ойрандаушыға жә­бір­ленушімен және бала­ларымен 30 күн бойы байланысқа шығуына, кездесуіне, тілдесуіне не басқа жол­мен қуда­лауына тыйым салы­нады. Қазақстандағы отбасылық-тұрмыстық күш көрсету проб­лемасына тоқталған Н.Нығ­ма­тулин бұл мәселенің кешенді ше­­­­шілуі керегін нықтады. ІІМ де­­­регінше, оқшаулану жағдайында отбасылық-тұрмыстық сипаттағы құқық­бұзушылықтар 25%-ға арт­­қан. Мәжіліс Спикері жыныс­тық зорлық, әйелдерге және тұлғаға қарсы ауыр қылмыстар үшін жа­заны қатайту туралы ел Пре­зи­дентінің тапсырмасын депу­таттық корпустың жедел орын­дағанын еске салды. Мыса­лы, жұбайына қол көтерген адам­дар 15-тен 20 тәулікке дейін темір торға қамалуы мүмкін.  

Айхан ШӘРІП