Елімізде үсік жүреді

Елімізде үсік жүреді

«Қазгидромет» мәлімдеуінше, антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады.

Тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында толассыз жаңбыр жауып, кей жерді тұман басып, қатты дауыл тұруы ықтимал.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Манғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты жел тұрады. Ал Түркістанның кей жерінде шаңды дауыл соғады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодарда тұман түсіп, 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.