Президент салық төлемеген

Президент салық төлемеген

Бұл туралы aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

The  New York Times газетінің мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы он жылда федералды табыс салығын төлемеген. АҚШ президенті 2016 жылы билікке келген кезінде 750 доллар табыс салығын төлеген. 2017 жылы да осы сомада салық төлеген.

«Ол табыс салығын соңғы 15 жылдың соңғы он жылында төлемеген. Өзінің айтуынша, оның табысына қарағанда шығыны көп», – деп жазды басылым.

The  New York Times-тың мәліметінше, президентті Trump National Doral Miami шипажайы мен Вашингтондағы Trump International Hotel қонақүйі шығынға ұшыратқан. Бірақ АҚШ президенті мұны жоққа шығарып отыр.

«Бұлардың бәрі – жалған. Мен салық төлеймін», – дейді ол.

Trump Organization қорғаушысы Алан Гартеннің айтуынша, фактілердің көпшілігі нақты емес.

Оның мәлімдеуінше, президент соңғы он жылда үкіметке ондаған миллион салық төлеген.