Әкімнің креслосын сатып алмақ болған шенеунік жұмыстан кетті

Әкімнің креслосын сатып алмақ болған шенеунік жұмыстан кетті

Жамбыл облысында шенеунік орынсыз әзілі үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Today.kz. Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов жергілікті кәсіпкерлердің бірімен әңгіме барысында әкім лауазымын "сатып алатынын" мәлімдеген.   Басқа сыбайлас жемқорлық ісімен байланысты Сүлейменовтың телефон қоңырауларына арнайы қызметтер қызығушылық танытады. Мемлекеттік қызметші ақшаны босқа жұмсаудан қорқып, үлкен соманы аса бай емес аграрлық өлкедегі лауазым үшін жұмсауға күмәнданған. Жергілікті кәсіпкермен әңгіме барысында ер адам саудаласып көрмек болғанын айтады. Әкім қызметі үшін одан 200 мың доллар талап еткен. Ол креслоны 50 мыңға "сатып алғысы" келеді.   Әкімдік бұл әңгіме туралы білген соң жүгенсіз шенеунікті жауапкершілікке шақырған. Мейіржан Сүлейменов бұл әзіл болғанын айтып ақталады. Алайда шенеунікке ешқандай дәлел көмектескен жоқ.   "Әдеп жөніндегі кеңес шенеунікті қызметінен төмендетуді ұсынды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ол атқарып отырған қызметінен босатылды", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.