Головкин үздік боксшылардың үштігіне енді

Головкин үздік боксшылардың үштігіне енді

Ringsidereport.com журналисі Гари Уильям Геннадий Головкинді қазіргі заманға үздік боксшылар үштігіне енгізді. Sports.kz мәлімдеуінше, «Джошуа, «Канело» және Головкин – бокстың үш жарқын жұлдызы», – деп есептейді екен Уильям.

Геннадий Головкин келесі айқасын поляк Камил Шереметамен өткізеді. Ол жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері анықталады.
Бұдан бұрын The Ring журналы салмақ санатына қарамай (pound-for-pound) әлемнің ең үздік боксшылар рейтингін жаңартқан болатын. Головкин әлемдегі ең мықты он боксшы қатарына енген еді.