Абай музейінің қуанышы

Абай музейінің қуанышы

–   Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» мақаласын үлкен тебіреніспен оқып шықтым. Бірден музей қыз­меткерлерімен жи­налып, пәлсапалық мәні терең мақала туралы ой бөлістік. Тамыры терең, көкжиегі көркем мақаланы Абай му­зейінің қуанышы деп қабыл­дадық. Оның себебі де жоқ емес. Біздің музейде тәуелсіздік ке­зеңіндегі абайтануға арналған арнайы экспозиция бар. Ел­басының «Абай аманаты» ма­қа­ласы бізге жол көрсетті, осы бағытты жарқырата ашып берді. Сондықтан биік парасатпен жазылған мақала – Абай му­зейінің өз қуанышы. Елбасы осы мақаласында аталған музей туралы арнайы жылы лебіз білдірген.  Мақалада: «Абайдың өмірі мен шығар­ма­шылығын тұтас қамтитын «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музей құрылды. Жидебайда үш жүз алпыс әулиелі мекен Маңғыс­таудан әкелінген ұлутастардан ақ­шаңқан күмбезді Абай-Шәкәрім кесенесі тұрғызылып, оның ашылу рәсімінде бұл орын­ның енді әр қазақ үшін ру­хани Меккеге айналғанын атап өттім» деп жазылған. Елбасы­ның даналықпен айтылған сөзі ақиқатқа айналды. Абай музейі Қазақстаннан, шетелден қо­нақтар арнайы іздеп келетін рухани Меккеге айналғаны рас. Елбасының осы мақаласы бізге қуанышпен қатар, үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйт­кені терең таныммен жазылған мақалада Абай музейінің мазмұнын ашатын ойлар мол. Мақалада айтылған мол мәлімет музейдің мазмұнын ашуға үлкен ақылшы болары анық.  

Тұрдықұл ШАҢБАЙ, Абайдың «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік тарихи-мәдени және  әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры