Әйел өзіне етік алу үшін сәбиін сатып жіберген

Әйел өзіне етік алу үшін сәбиін сатып жіберген

Мәскеулік әйел өзіне етік алу үшін сәбиін сатпақ болған. Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, әйел 300 мың рубльге (шамамен 1,6 млн теңге) мәміле жасауды жоспарлаған. Ол ақша аудару кезінде ұсталды.

–«Сатып алушылар» қозғалыс белсенділері болатын. Олар әйелге баланы алда қауіпті жағдайлар күтіп тұрғанын ескерткенмен, оған бәрібір болып шықты. Әйел өзінің қиын жағдайын айтып, ақша керек екенін түсіндірді, бірақ іс жүзінде бәрі басқаша еді, – дейді ұйым өкілдері.
Белгілі болғандай, ол әпкесімен хат алмасып, баласын сатқан соң өзіне қандай етік сатып алатынын талқылаған.  РЕН ТВ мәліметінше, ұсталғаннан кейін күдіктінің бірнеше сатып алушымен хат алмасқаны белгілі болды. Алайда сайып келгенде, оның таңдауы нағыз сатып алушыға түспеген. Осы оқиға бойынша адамды сатып алу-сату туралы қылмыстық іс қозғалды.