Nur Otan фракциясының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Саяси кеңес Бюросының шешімімен партияның Құқықтық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек твиттердегі жеке парақшасында хабарлады.
"Сенат Төрағасының орынбасары болып сайланған Құқықтық кеңестің алдыңғы төрағасы Нұрлан Әбдіровке партия басшылығы атынан алғыс айтамын", – деп жазды Бауыржан Байбек.«Nur Otan» фракциясының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Саяси кеңес Бюросының шешімімен партияның Құқықтық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) October 13, 2020