Қазақстанда «Орел и решка» бағдарламасы қайта түсіріліп жатыр – видео

Қазақстанда «Орел и решка» бағдарламасы қайта түсіріліп жатыр – видео

Маңғыстау тұрғындары  танымал ресейлік бағдарламаның түсірілім тобын «Ақтау» халықаралық әуежайынан көрген. Әлеуметтік желіде бағдарлама жүргізушілері Василиса Хвостова мен Антон Зайцевтің түсірілім жасап жүрген видеосы тарады. Содан кейін «Көгез» этноауылындағы түсірілім кадрлары пайда болды. Онда Василиса Хвостова көлік тоқтатып тұр. Кадрда Антон Зайцев пен Василиса Хвостова Маңғыстаудағы демалыс күндерін қалай өткізетінін шешу үшін тиын лақтырады. Телешоудың шығатын күні туралы мәлімет әзірге хабарланбады. https://www.youtube.com/watch?v=o0xl14AXcZw&feature=emb_logo&ab_channel=KAZINFORM