Мәжіліс депутаты өмірден өтті

Мәжіліс депутаты өмірден өтті

Парламент Мәжілісінің депутаты, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Глеб Щегельский өмірден өтті. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин марқұмның отбасына, тауыс-туғандары мен жақындарына көңіл айтты.

«Глеб Анатольевич Щегельскийдің мезгілсіз дүниеден өткені туралы қазалы хабар ауыр тиді. Ол адамгершілік және кәсіби қасиеттерімен ерекшеленетін, өте сезімтал, елгезек және аса жауапты жан еді. Қазақстанның шынайы патриоты болатын. Әлбетте, Глеб Анатольевич Қазақстан заңнама базасын жетілдіруге өте қомақты үлес қосты. Біз заң жобаларымен жұмыс істегенде де, басқа да өзекті тақырыптар жайлы сөйлескенде де өте көп мәселелерді талқылайтынбыз. Соның бәрінде ол тақырыпқа жан-тәнімен кірісіп, жұмысқа адалдығымен ерекшеленетін еді. Ол үшін елінің және қоғамның мүддесі бәрінен жоғары тұратын. Осындай қиын сәтте марқұмның жақындарына бүкіл депутаттық корпус пен өз атымнан қайғырып көңіл айтамын. Ол кісілерге қолдау көрсетіп, жылы сөзімді жеткізгім келеді. Керемет адам, сенімді әріптес, ниеттес дос, депутат Глеб Анатольевич Щегельскийдің жарқын бейнесі мәңгі жадымызда жаңғырып тұрады», – деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжілістің V және VI шақырылымының депутаты Глеб Щегельский бүгін жүрек талмасынан көз жұмды.