Тоқаев нан мен көмір бағасы туралы айтты

Тоқаев нан мен көмір бағасы туралы айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік нан мен көмірдің бағасы туралы айтып, үкіметке және әкімдіктерге шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

«Әлеуметтік» нан бағасының өсуіне байланысты Үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдап, субсидиялауды қарастыру тапсырылды. Көмір бойынша да осындай тапсырма берілді. Көмір компанияларымен келісіп, бағаны қолдан өсіріп отырған делдалдарға жол берілмеуі тиіс. Бұл мәселе менің бақылауымда болады»,– деп жазды Президент тwitter-дегі парақшасында.