Нарухитоның ұлықтау рәсіміне қатысты

Нарухитоның ұлықтау рәсіміне қатысты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің шақыруымен император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысты.

Императорлық тақ мұрагерін ұлықтау рәсіміне 175-тен астам елдің өкілі келді. Таққа отыру рәсімі Токиодағы Император сарайында өтті.

Айта кетейік, Нарухито 1960 жылдың ақпанында дүниеге келген. Ол – 2019 жылдың сәуірінде тақтан бас тартқан Жапония императоры Акихитоның тұңғыш ұлы. 1982 жылы Гакусюин университетін бітірген. 1983-1986 жылдары Англиядағы Оксфорд университеті колледжінде оқыған. 1989 жылы Гакусюин университетінен тарих ғылымының магистрі дәрежесін иеленген. Қазіргі уақытта Нарухито – Жапонияның 126-императоры.