Премьер-министрмен сұхбаттасып отырған кезде жер сілкінді

Премьер-министрмен сұхбаттасып отырған кезде жер сілкінді

Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир Washington Post-тың тікелей эфирінде сұхбат берген кезінде қуаты 5,5 балл жер сілкінісі болды.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. ВВС-дің дерегінше, премьер-министр сұхбатты үзбей, сауалдарға жауап берген. Жер сілкінісі Крисювик маңында болған. Крисювик – сөнбеген жанартауларымен  әлемге танымал аймақ. Алдын ала мәлімет бойынша жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.