Әлемнің ең бай адамы бір тәулікте 7 млрд доллардан айырылды

Әлемнің ең бай адамы бір тәулікте 7 млрд доллардан айырылды

Әлемнің ең бай адамы саналатын «Amazon» басшысы Джеф Безос бір тәулікте шамамен 7 миллиард доллар жоғалтты.

24 қазанда Amazon үшінші тоқсандағы кірістері туралы есеп берген еді. Нәтижелер инвесторлардың көңілінен шықпай, бұл компанияның баға белгілеу ауқымын 6,6 пайызға құлдыратты. CNBC ақпарынша Безосқа Amazon акциясының 57,6 миллионы тиесілі, демек мұндай құлдырау 6,9 миллиард долларды жоғалтты дегенді білдіреді.

Сарапшылардың пікірінше егер Amazon акциясының құлдырауы жалғаса беретін болса, Безос әлемдегі ең бай адам деген атағынан айырылады. Онда бұл позицияға Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс өтеді. 25 қазан бойынша Безостың қаражаты 111 миллиард долларды құраса, Гейтсте 107 миллиард доллар.