Digital Health Astana 2.0 тиімді цифрлық шешімдер алаңына айналды

Digital Health Astana 2.0 тиімді цифрлық шешімдер алаңына айналды

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Digital Health Astana 2.0 халықаралық көрмесі өтті.

Digital Health Astana 2.0 – бұл денсаулық сақтау, ғылым мен әлеуметтік бағыттар бойынша өтетін 2019 жылдың ең ауқымды халықаралық іс-шарасы. IT-көрме екі күн бойы тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Іс-шараның басты мақсаты жастар мен бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар арасында көпір орнату, түрлі жастағы әр түрлі әлеуметтік топ өкілдеріне медицина, ғылым мен ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктерді көрсету үшін бірыңғай алаң ұйымдастыру.

Digital Health Astana 2.0 аясында денсаулық сақтау саласындағы цифрлық шешімдер көрмесі, стратегиялық серіктестік бойынша конференция, «Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың шексіз мүмкіндіктері», «Цифрландыру және ынтымақтастық», «Цифрлық Қазақстанның мүмкіндіктері» тақырыптарында панельдік сессиялар, резидентура мәселелері бойынша дөңгелек үстел, цифрлық десаулық сақтау саласындағы ең үздік мамандардан шеберлік сағаттары өткізілді.

Көрмеде стартап жобалардың таныстырылымы, сонымен қатар жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер, бионикалық протездер, электронды рецептердің ақпараттық жүйесі, ақылды стетоскоп сынды бірқатар жобалар қойылды. Сондай-ақ көрмеге келушілер назарына медициналық қызметтердің сапасын арттырып, халыққа қолжетімді ете түсетін жоғары технологияллық шешімдер ұсынылды.

Іс-шарада 100-ден аса спикер болды, олардың ішінде халықаралық мекемелердің, Microsoft, Philips, Эрикссон Никола Тесла, iVoice Technology, 1С сияқты ірі компаниялардың, медициналық ЖОО-ның, ТМД елдерінің министрлік өкілдері бар. Екі күннің қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша ынтақтастық жөніндегі резолюцияға қол қойылды.

Айта кетейік, Digital Health Astana 2.0 цифрлық әлемнің мүмкіндіктерін көрсетіп, тиімді цифрлық шешімдерді қарапайым халықтың күнделікті өміріне енгізуге жол ашады. ІТ алаң ақылды әрі табысты жандарды табыстыратын мекен.